Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды

374

0

Фото: Pixabay

Шымкент полициясы шала туған сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, қаладағы Түркістан облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен әйелді ұстады.

Ведомство мәліметінше, ол – Шымкент қаласының тұрғыны. 

«Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция мәліметінде. 

Еске салсақ, 7 мамыр күні кешкі 21.00 шамасында Шымкентте орналасқан № 2 Түркістан облыстық перинаталды орталығына белгісіз адам келіп, шамамен 20-21 апталық шала туған қыз баласының денесін тастап кеткен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<