Шымкентте жоғалған қыз жертөледен өлі табылды: жездесі күдікке ілінген

783

0

Шымкентте із-түзсіз жоғалған қыз кісі өлтіру оқиғасының құрбаны болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 5 тамызда Әл-Фараби АПБ-ға қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамызда үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған. Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылғаны хабарланған болатын.

БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді.

«8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады», – делінген хабарламада.

Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінген.

ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<