Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар бала отбасына қайтарылды

439

0

Фото: pixabay.com

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен 3 жасар баланы табуға көмектесті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кішкентай баланың жоғалып кеткені туралы хабар полицияға алдыңғы күні келіп түскен. Анасының айтуынша, бала аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Баланы өз бетінше таба алмағандықтан, әйел полиция көмегіне жүгінген.

Хабарламаны алғаннан кейін патрульдік полиция полкінің инспекторлары Мусахан Умиралиев пен Марат Иманбаев іздестіру шараларына кірісті. Баланың орналасқан жерін анықтау үшін полиция көршілерінен сұрап, аулаларды қарап шыққан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бала жарты сағат ішінде көрші үйлердің ауласындағы ойын алаңынан табылған.

Бала анасына аман-есен қайтарылды, ол офицерлерге жедел жұмысы үшін алғысын білдірді. Олар сондай-ақ лайықты қызметі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<