Шымкенттік дәрігерлер жұмыс бабымен келген украиналық әйелді босандырып алды

324

0

Фото: Түркістан облысы ДСБ

Шымкент қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері украиалық әйелді босандырып алды. Ал нәрестеге күрделі операция жасалды.

Диана Щебетун жүктіліктің 33-аптасында толғағы қысып, жедел жәрдем көлігімен перинаталдық орталыққа жеткізілген. Дүниеге келген сәбиге дәрігерлер «өңештің артрезиясы» диагнозын қойған. Өңештегі туа біткен ақауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өткен.

«Барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілді. 1700 грамм салмақпен туған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері бүгін үйіне шығарды», – делінген әкімдік мәліметінде.

Айта кетейік, Украинадан келген әйелдің өзі де дәрігер екен. Ал жолдасы – «Қызылжар» футбол клубының ойыншысы. Келіншек жолдасымен бірге Шымкентке жұмыс бабымен келген. Сол кезде толғағы қысып, периниталдық орталыққа жеткізілген.

Дер кезінде көмек көрсетіп, сәбиін аман алып қалған дәрігерлерге Украина азаматшасы алғысын білдірді. 

Біз бұған дейін Павлодарда ер адам әйелін жол үстінде босандырып алғанын жазған едік. Оған 103 операторының диспетчері телефон арқылы ақыл-кеңес беріп тұрған. 35 жасар ана аман-есен босанып, кейін облыстық перинаталды орталыққа жеткізілді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<