Шығыс Қазақстанда қар жауды

273

0

Шығыс Қазақстанда қар жауды
Шығыс Қазақстанда қар жауды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қар жауғаны түсірілген видеоны Instagram желісіндегі Zhest_kz парақшасы жариялады. Ролик авторы видеоның 2 қыркүйекте Қайнар ауылында түсірілген айтты. Бұл ауыл Семейден 300 шақырым жерде. Ауылдық округтің әкімі 24.kz тілшісіне қар жауғанын растады.
Сағын Қапақовтың айтуынша, таңғы уақытта 30-40 сантиметр қар түскен екен, ал ауа температурасы 3-4 градус жылы болған. Жолдар жабылған, тұрғындарға еш қауіп жоқ. Синоптиктердің мәліметінше, елдің шығысында 3-4 қыркүйек күндері қар мен жаңбыр жауады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<