Синоптиктер 26 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті

269

0

 Синоптиктер 26 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті Атмосфералық фронталы бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді, тіпті бұршақ жаууы да мүмкін. Елдің батысында ғана күн ашық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының бірқатар бөлігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында жел секундына 15-22 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ыстық, кей жерлерде қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау облыстары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі туындайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<