Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

372

0

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты Синоптиктер 10-12 сәуірге арналған ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
«Қазақстанның солтүстігінде орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыстардың кей жерлеріне жаңбыр және ылғалды қар түрінде жауын шашын, тұман және көктайғақ алып келеді. 10 сәуірде батыс аймақтарға жауын-шашынсыз ауа-райы тұрақталатын антициклон жылжиды», – делінген болжамда.  Ал Оңтүстік облыстарда дауылды ескерту жарияланған.
10 сәуірде Қызылорда, 9-11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік сақталады, 11-12 сәуірде түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі. Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<