Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 23 сәуір күнгі ауа сапасы туралы хабарлады

308

0

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 23 сәуір күнгі ауа сапасы туралы хабарлады 23 сәуір, дүйсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар республиканың 11 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып. 
Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Астана (күндіз), Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Орал қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атомосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді. Талдықорған, Тараз, Шымкент, Астана (түнде) қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына себепші етеді. ҚМЖ – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<