Синоптиктер бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжады

344

0

Сурет: pixabay

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 22 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғатынын және көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, тұман түседі.

Атырау облысының басым бөлігінде қарлы бұрқасын. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Алматыда кей уақытта тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, тұман. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<