Синоптиктер демалыс күндердегі ауа райы туралы айтты

278

0

Синоптиктер демалыс күндердегі ауа райы туралы айтты Қазақстанның оңтүстік облыстарына Ираннан белсенді бұлт сілемдері жылжып келеді, деп хабарлайды «ҚазаАқпарат» «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 
«Жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр жауады, найзағай және екпінді жел күтіледі. Суық ауа ағымдарыны әсерінен бұршақ жаууы да мүмкін. Республикамыздың оңтүстігі мен шығысында температура нормаға жақын болады», – деп хабарлайды синоптиктер.
Ал еліміздің солтүстігінде жауын-шашын болмайды. Одан кейін Батыс Сібірден келетін суық арктикалық  ауа  ағымдары  жаңбыр және сырғақ қар түрінде жаууы мүмкін. Батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы әдеттегіден 1-3°С төмен болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<