Синоптиктер елімізде қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деп болжады

494

0

Сурет: pixabay

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 13 қыркүйекте күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, елімізде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін деп болжанды.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады, республика бойынша екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман, солтүстікте бұршақ жауады».

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<