Синоптиктер үш өңірде ескерту жариялады

210

0

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты үш өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 9 қаңтар күні Қостанай облысының кей жерлерін тұман басуы ықтимал. Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман мен көктайғақ сақталады. Қалың тұман Ақмола облысының кей жерлерінде де сақталатыны болжанады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<