Синоптиктердің 18 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

320

0

Синоптиктердің 18 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы 18 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланыст жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік өңірдің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел тұрып, күндіз жылдамдығы 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<