Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 20 маусым күні Қазақстанның жекелеген өңірлерінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек республиканың батыс және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерінде найзағай, жаңбыр, күшті жел, сондай-ақ дауыл мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз дауыл болжанады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде бұршақ жауып, түнде және таңертің тұман күтіледі. Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<