Синтетикалық есірткі: Жас ұрпаққа туындаған қауіп

298

0

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындарының оқушы, студеттері үшін «Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренингтің мақсаты: нашақорлыққа байланысты проблемаларды анықтау және есірткі мен басқа да психоактивті заттарды алғашқы қолданудың алдын алу.

Есірткіге тәуелділіктің алдын – алудың басты ерекшелігі-жасөспірімдерге психоактивті заттарды қолданудың әлеуметтік салдарларын түсіндіру, себебі медициналық салдары туралы жасөспірімдер біледі. Профилактикалық жұмыстың ең тиімді әдісі тренинг сабақтары болып табылады.

Семинар-тренинг жастар мен жасөспірімдер аудиториясымен жұмыс істеудің негізгі әдістемелік талаптарын ескере отырып, аудиториямен «тең дәрежеде» қарым – қатынас жасалуды қолданылды.

Кездесу барысында, балалардың нашақорлық проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, нашақорлыққа көзқарасын өзгерту, «Есірткіге жоқ!» деп айта білу және денсаулықты сақтауға уәждемені қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Семинар-тренингтерге 2000-нан астам оқушы, студент  қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<