Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды сақтау мәселесі қаралды

17

0

Фото: Жалағаш ауданы

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджеттің атқарылу қорытындылары мен сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды сақтау мәселелері бойынша облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне қарақұйрық жануары енгізілген. Жалағаш ауданы бойынша таралу аймағы Майлыөзек, Жаңадария каналдары бойында және Қызылқұм бөлігін алып жатқан Қосарық орманшылығының орамдарында мекендейді.

Жыл басынан бері мемлекеттік орман қоры жерлеріне заңсыз аң аулауды болдырмау және алдын алу мақсатында 34 рейд ұйымдастырылып, аң аулау ережелерін бұзған 3 жағдай бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделген.

Бұл ретте, жауапты сала басшыларына құзырлы органдармен бірлесіп, мемлекеттік орман қоры жерлеріне заңсыз аң аулауды болдырмау және алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын күшейту жұмыстары қатаң тапсырылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі жабайы жануарлар мен құстарға жыл сайын санақ жұмыстары жүргізілуін қамтамасыз ету ескертілді.

Мәжіліс отырысындағы хаттамалық тапсырманың толық орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатовқа тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<