Әскери патриоттық сайыс өтті

537

0

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» тақырыбында әскери патриотық сайыс өткізілді. Сайысқа  №235, №140, №278, №261, №233, №6 қала мектептері қатысып,саптық дайындық, ГП-5 газ тұмылдырығын кию жаттығуы, АК-74 қаруын жартылай бөлшектеу және жинақтау, Оқжаттарды оқпен жарақтау,Гир көтеруден өзара бақ сынасты.Әділқазы алқасы №7 мектеп лицейінің БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Дүйсенбаев Нұржан және №12 орта мектеп БӘД оқытушы-ұйымдастырушылары тағайындалды.Әскерипатриоттық сайысымыздың ашылуы мемлекттік туымыз кіргізіліп,ән ұранымыз орындалды.Ардагерлерімізге арнап әскери шеру  ұйымдастырылды. Ауған соғыс ардагері Ахметов Ерқанат ағамыз сөз алып сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.№235 мектептің БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Әлібеков Рахымбек сайыстың ережесімен таныстырып өтті.Сайыс соңында №140 орта мектебі жеңіске жетті.Екінші орынды №6 мектебі ал үшінші орынды №235 мектебінің оқушылары иеленді.Қорытынды уақыты бойынша I,II,III орын алған командаларды Қызылорда обылысының «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасының бағалы сыйлықтары мен және арнайы дипломдарымен мараппатталды.Ауған соғыс ардагерлері сайыстың жоғары деңгейде өткендігі туралы және мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Рахымбек ӘЛІБЕКОВ

К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің 

БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<