Әскерилерге электронды мемлекеттік қызметтердің тиімділігі түсіндірілді

346

0

Әскерилерге электронды мемлекеттік қызметтердің тиімділігі түсіндірілді Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу дағдыларын жоғарылату бағытында іс-шаралар жалғасуда. Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандары қала аумағындағы әскери бөлімдерде жылжымалы семинар жұмысын өткізді.

Шара барысында әскери қызметкерлерге www.egov.kz электронды порталының көмегімен анықтама алудың тиімділігі түсіндірілді. Оның ішінде мамандар үшінші тұлғамен анықтама алу қызметіне тоқталды. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу бірқатар жеңілдіктер беретіні,  ең алдымен бұл уақыт үнемдеу, яғни үйіңізде немесе жұмыс орнында отырып өзіңізге қажетті қызметтерге қол жеткізу екендігі айтылды.

Қазіргі таңда азаматтар ЭЦҚ-ны қолданбай-ақ бір реттік SMS-пароль арқылы порталға кіріп, сұранысқа қол қою арқылы 44 түрлі қызметке қол жеткізе алады.

Аталмыш қызметті пайдалану үшін мүдделі тұлға порталға кіріп, «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі» бөлімін таңдап, анықтамасы қажет болатын адамның ЖСН-ын енгізеді. Егер сол азамат азаматтардың мобильдік деректер қорында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау салуды бір реттік SMS пароль арқылы растайды.

Бұдан кейін азаматқа порталдың жеке кабинеті мен SMS хабарлама арқылы анықтаманы алуға рұқсат беру немесе бермеу жөнінде хабарлама жіберіледі. Ол рұқсат берген жағдайда мүдделі тұлғаның Жеке кабинетіне осы анықтама түседі. Егер азаматтың атына анықтаманы алуға заңды тұлға немесе мемлекеттік орган сұраныс жасаса, олар оны өзінің ЭЦҚ-сымен растауы қажет.

Бүгінде бірқатар қызметтердің онлайн форматқа көшуімен бірге мобилді азаматтар базасына тіркеліп,  өз өзіне қызмет көрсету «Connection Point» секторының қолданушылар қатары көбеюде. Үстіміздегі жылдың 7 айында облыс бойынша мобильдік үкіметке тіркелгендер саны 129 мыңға жетті, 43 мың адам электронды-цифрлық қолтаңба алды. Есепті мерзімде 800 мыңға жуық қызылордалыққа ықпалдастыврылған ақпараттық жүйе арқылы осы электронды порталда қызмет көрсетілген.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен біріккен іс-шаралар алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында, банктер мен ЖКХ ұйымдарында өткізілмек.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ

 Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<