Славян жазуы мен мәдениеті күні

331

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Қызылордада Достық үйінің мәжіліс залында мектеп оқу жылының аяқталуына орай Славян жазуы мен мәдениеті күні аталып өтті. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, этномәдени бірлестіктің жетекшілері, белсенділері, қаладағы №5, 8, 112, 198, 233 және «Зияткер» инновациялық мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары, «Анар бэби» орталығы қатысты.

Айта кету керек, Славян әліппесінің пайда болғанына мың жылдан асты. IX ғасырда ағайынды Кирилл мен Мефодий құрған әліппе бүгінде көп халыққа қызмет етуде. Олар ойлап тапқан әліппе ағартушы Кирилл құрметіне «кириллица» деп аталған болатын.

Іс-шарада алғы сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті.

– Славян жазуы мен мәдениеті күні 24 мамыр жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда аталып өтіледі. Көпмәдениетті Қазақстандағы славян жазуы мерекесі өзінің ерекшелігі мен маңыздылығына ие. Кітап оқуға деген сүйіспеншілік және білімге деген ұмтылыс әрқашан адамзат дамуының шешуші факторы болып табылады. Айта кету керек, «Славян» орталығы облыстың белсенді этномәдени бірлестіктерінің бірі болып табылады. Бірлестік 26 жылдан астам әртүрлі форматтағы көптеген іс-шараларды өткізіп келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын! Достық, бірлік, келісімді сақтау мен нығайту жолында сіздерге табыс тілеймін! – деді.

Іс-шарада А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана ақынның 225 жылдығына орай кітап көрмесін ұйымдастыруға атсалысты. Славян әліппесінің құрылу тарихы, ақын А.С.Пушкиннің 225 жылдығы және оның кереметтей ертегілері жайлы айтылды. Қонақтар бірлестіктің белсенді жастары әзірлеген көріністі тамашалады. Өлеңдер оқылып, ән шырқалды, деректерге толы бейнероликтер көрсетілді. Келген қонақтар арасында викторина жүргізіліп, бірнеше блиц-сұрақтар қойылды. Пушкиннің ертегілері туралы қызықты мәліметтер жасырылып, қатысушылар дұрыс жауабын табуға белсенді түрде атсалысты. Мектеп оқушылары мен бірлестік белсенділері әсем ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кеш соңында «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<