Славян мерекелік ертеңгілігіне 800 бала қатысты

212

0

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде дәстүрге айналған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен бастауыш және мектепке дейінгі балаларға арналған жаңажылдық шырша кеші өтті.

Балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілікті Галина Щербакова бастаған «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының белсенділері ұйымдастырып, өткізді. Ертеңгілікке этномәдени бірлестіктердің, аз қамтылған отбасылардың балалары және славян этномәдени бірлестігімен белсенді қызмет ететін қала мектептерінің оқушылары шақырылды. Мерекелік ертеңгілікке 800-ге жуық бала қатысты.

Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жыл – тышқанның жылы, сондықтан көптеген көріністер осы жануармен байланысты болды. Мысалы, шыршаға қатысушылар «Щелкунчик және тышқан патшасы» ертегісінің желісі бойынша қойылымды көрді.

Балалар бірлесіп  Аяз Ата мен Ақшақарды атады, «Надежда» вокалдық тобымен және оның солистерімен бірге жаңа жылдық әндер шырқап, шыршаны айналды. «Жемчужинка» би тобымен бірге әсерлі би биледі, тақпақтар айтты, қысқы сиқыршылардан жұмбақтар шешті, көңілді эстафеталарда жылдам және ептілік көрсетті.

Рождество қарсаңында өткен мерекелік ертеңгіліктің соңында Қазақстандағы Ресей елшілігі атынан барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<