Фото: AP/ТАСС
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз МС-23» ғарыш кемесі екі тәуліктен кейін Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ХҒС ресейлік сегментінің «Іздеу» модулімен бүгін таңертең автоматты режимде түйісті.
«Союз МС-23» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерсіз барды.
Орбитада ғарыш вахтасында жүрген ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және Анна Кикина «Союз МС-23»жаңа кемесін қабылдауға дайындалуда.
ХҒС-68 экипажының ұшу бағдарламасына сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап орбитада жұмыс істейтін Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және америкалық астронавт Франциско Рубио зақымдалған «Союз МС-22»кемесінің орнына келген осы кемемен жерге оралады.
2022 жылдың қазан айында Grew Dragon кемесімен ХҒС-қа ұшқан ғарышкер Анна Кикина осы жылдың наурыз айында Роскосмос пен NASA бағдарламасына сәйкес америкалық әріптестерімен бірге оралады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<