“Сол күйі пәтер берілмеді”: астаналық әйел Перизат Қайраттың былығын ашты

248

0

Сурет: жеке парақшасынан

Блогер отбасыға пәтер сыйлауға уәде еткен

Biz Birgemiz қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тағы бір деректің шеті шықты. Екі жыл бұрын аталмыш қор астаналық тұрғын Әсел Омароваға пәтер табысталатынын ресми түрде мәлімдеген екен. Алайда берілген уәде әлі күнге дейін орындалмаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл жағдайды Әсел Омарова Stan.kz агенттігіне айтты берді.

2 жыл бұрын бес айлық сәбиімен көлік жүргізушісі болып қызмет атқарған астаналық әйел көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Ал қазақстандықтар оны қолдау мақсатында  бірауыздан 1,7 миллион теңге жинап береді.

Осы жағдайдан соң әйелмен Перизат Қайрат байланысқа шығып, үйіне барған. Сол кезде оның отбасына пәтер сыйлауға уәде еткен, тіпті көптің алдында сертификатты ресми түрде табыстаған. Бірақ сол күйі үй берілмеген.

“Жамандыққа қимаймын, дегенмен “барды бар, жоқты жоқ” деп айтар сәт келгендей. 2022 жылы қарашада Перизат үйіме келіп, “үй табыстаймыз” деп айтып кеткен еді. Кейін Жаңа жылдық мерекеге орай үлкен галаконцерт болып, сол жерде сертификат ұстатқан. Бірақ үй берілмеді”, – деді астаналық Әсел Омарова.

Әсел Омароваға белгілі бір тұрғын үй комплексінен үй беріледі деп айтылған. Бірақ кейін хабарсыз кетті дейді. Айтуынша, өзі хабарласқан кезде “күнде ертең” деп түрлі сылтаумен Әселді ұзақ күттіріп қойған.

“Үміт деген қиын екен, “әне, міне беріп қалар” деп күтіп жүр едім. Соңғы рет 4-5 ай бұрын хабарластық, сол кезде “1-2 айдан соң беріледі” деді. Бірақ қайтадан үнсіз қалды”, – деді ол.

Әсел балаларымен әлі де пәтер жалдап тұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<