Соңғы 10 жылда мұнайды тұтыну өсімі 28%-ға артқан

560

0

Фото: Kazinform

2023 жылы өндірілген 89,9 млн. мұнай мен газ конденсатының 18,3 млн. тоннасы немесе 20% сатылды – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

«Бұл көрсеткіш 2022 және 2023 жылдардағы мұнай сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау нәтижесінде анықталған. 2022 жылы 84,2 млн. тонна мұнайдың 18,8 млн. тоннасы ішкі нарыққа жіберілгені» — жазылған.

Жалпы, соңғы 10 жылда тұтыну өсімінің тұрақты серпіні қалыптасты, ол 4 млн. тоннаға немесе 28%-ға өсті.

Мұнайдың ішкі бағасын субсидиялау жер қойнауын пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады. Ол үшін ішкі мұнай жеткізілімдерін квоталау және мемлекет белгілейтін ЖЖМ-ге көтерме және бөлшек бағадан мұнай сатып алу бағаларын кері есептеу әдісі қолданылады.

«Бұл жағдайда ішкі нарықта мұнай сатып алу бағасы бір тонна үшін 65 000-нан 110 000 теңгеге дейін қалыптасты, бұл экспорттық бағадан тиісінше 55-70%-ға төмен» — делінген хабарламада.

Ішкі нарыққа мұнай жеткізумен айналыспайтын Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының үлесін ескере отырып, өндірудің жалпы көлемінің 67% мөлшерінде негізгі «әлеуметтік жүктеме» кен орындарының «тозған» тобына жататын жер қойнауын пайдаланушыларға түседі.

Бұл 105 жер қойнауын пайдаланушы, олардың негізгілері CNPC және ҚазМұнайГаз компаниялары, олардың нарықтағы жиынтық үлесі 60%-дан асады.

Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2030 жылға қарай олар өндіретін мұнай көлемі 5 млн. тоннаға немесе 15% — ға төмендейді, ал тұтынудың өсуі 20% деңгейінде болжанады.

«2030 жылға қарай „әлеуметтік жүктемені“ ағымдағы 55%-дан 77%-ға дейін арттырады, ағымдағы жағдайды сақталса, бұл мұнай өндірушілердің ішкі нарықты субсидиялау мүмкіндіктерін сарқып жібереді» – делінген.

Мемлекет қолданатын мұнай жеткізілімдерін квоталау тетігі ашық емес. Ішкі нарық үшін мұнай жеткізу көлемін белгілеу өлшемдерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жоқ.

Энергетика министрлігі бекітетін мұнайды тасымалдаудың (жеткізудің) ай сайынғы кестелерінен жер қойнауын пайдаланушылар үшін ішкі нарыққа мұнайды жеткізуге қатысу үлесі 30-дан 60%-ға дейін құрайды, бұл компаниялардың жүктеме деңгейіне және кірістеріне тікелей әсер етеді.

Осыған байланысты мұнайды өткізу нарығындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасында мұнай өндіруді ұлғайтуды ынталандыру және инвестициялар тарту мақсатында сыртқы және ішкі нарықтардың индикаторларын ескере отырып, ЖЖМ бағаларын теңгерімді реттеу тетігін енгізу жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мұнай жеткізілімдерін квоталау қағидаларын белгілеу көзделетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<