Соңғы тәулікте әлемде 917 жер сілкінісі орын алды

276

0

Фото: Zakon.kz

Соңғы тәулік ішінде әлемде 1000-ға жуық жер сілкінісі болды. Олардың кейбіреулері 5.7 баллға дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Volcanodiscovery мамандарының айтуынша, 917-ден тек төрт зілзала 5 баллға дейін және одан жоғары болды. Басқа жағдайларда:

  • 36 жер сілкінісі 4 тен 5 баллға дейін;
  • 109 жер сілкінісі 3 тен 4 балл аралығында;
  • 212 жер асты дүмпулері 2 ден 3 баллға дейін;

Магнитудасы 2-ден кем 556 жер сілкінісі орын алды.

Соңғы 2.3 баллдық жер сілкінісі Италияның Аоста қаласында болды, ал ең күшті жер асты дүмпуін Фиджи тұрғындары 5.7 баллдық шкаламен бастан өткерді.

Ал, еліміздегі соңғы зілзалалардың бірі Қостанай облысында болды. 2024 жылы 27 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 09: 54-те (Гринвич уақыты бойынша — 04:54) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым қашықтықта сейсмикалық факт тіркелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<