Қызылорда қаласы аумағындағы құқық бұзушылықтар мен орын алған қылмыстардың алдын алу және шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған сервис «102» арнасы мен «102» мобильді қосымшасы жұмыс жасайды.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «102» «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы заманауи техникамен толығуда.
«SOS» түймесін басу арқылы тәулік бойы Жедел басқару орталығына видео арқылы қоңыраулар келіп түседі. Құрылғылардың орналасуы бейнебақылаумен жабдықталған, қиын жағдайда бұл кезекші бөлімнің қызметкеріне жағдайды өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Құрылғы жерден бір метр биіктікте орналасқан. Оларды тіпті балалар да қолдана алады.
Көпшілікке сапалы қызмет көрсетуді құрудың жаңа және тиімді құралы болып табылатын омниканалдық жүйе платформасында жұмыс істейді. Қосымшаны кез-келген мобильді құрылғыға «AppStore» немесе «PlayMarket» арқылы жүктеуге болады. 102-қосымшаның көмегімен азаматтар полицияға кез-келген құқық бұзушылық туралы аудио және видео қоңыраулар арқылы хабарлама жібере алады. Оператор қоңырау шалушының орналасқан жерін автоматты түрде бақылап, ұялы телефон камерасы арқылы оқиға орнын көреді, сондай-ақ шұғыл әрекет ету және көмек көрсету шараларын қабылдай алады.
Құрметті облыс тұрғындары! Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, басқа да құқық бұзушылық пен қылмыстың куәсі болсаңыз, күдікті адамды байқасаңыз, полицияға дереу хабар беріңіз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<