Сот Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонын тексеріп жатыр

313

0

Фото: Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Елордада экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот өтіп жатыр. Қазір ашық сот отырысында айыпталушының жеке ұялы телефонындағы аудио, фото, видео дәлелдерді зерттеп жатыр.

«Қ.Бишімбаев соттың зерттеуі үшін ұялы телефонының паролін беруге келіседі», – деді Қ.Бишімбаевтың адвокаты Газан Ғазымжанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаев ұялы телефонының паролін бермей, тек қорғаушыларына сеніп тапсыратынын айтқан еді.

Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонынан 12 бейнежазба табылды.

Судьяның айтуынша, видеолар 8-нен 9-шы қарашаға қараған түні түсірілген. Бейнежазбалар мейрамхананың VIP-бөлмесінде, көшеде және Бишімбаевтың көлігінде түсірілген. Видеожазбада айыпты азаматтық некедегі Салтанат Нүкенованы бейәдеп сөздермен қорлағаны естіледі.

Өз кезегінде Қ.Бишімбаев мобильді телефонындағы видеолардың қайдан пайда болғанын білмейтінін және олардың монтаж екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін Қ.Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысына БАҚ өкілдерінің кіруіне қайта рұқсат берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<