Сот Сайрагүл Сауытбайды қамаудан босатты

274

0

Сот Сайрагүл Сауытбайды қамаудан босатты Алматы облысының Панфилов аудандық соты Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға алты ай шартты жаза кесіп, Қазақстанда қалдыру туралы үкім шығарды. 
Үкімге дейінгі жарыссөзде прокурор Арзыгүл Имярова Сайрагүл Сауытбайдың балалары Қазақстан азаматы екендігін ескеріп балаларымен кездесуді қамтамасыз ету қажет екендігін айтқан және оны Қылмыстық Кодекстің 392 бабының 1 тармағы (мемлекеттік шекараны заңсыз қасақана кесіп өту) бойынша кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру, бірақ оны шартты жазаға ауыстыру және алты айға пробациялық бақылауға алу жазасына кесуді және сот залынан босатуды сұраған.
Судья үкім оқыған кезінде сот барысында Сайрагүл Сауытбайдың қылмысты «отбасымен қауышу мақсатымен жасағаны» анықталғанын, қылмысы «ауыр емес» деп есептейтінін айтты.
Судья Сайрагүл Сауытбайға жаза тағайындауда Қазақстан қол қойған БҰҰ-ның халықаралық Бала құқықтары жөніндегі конвенциясы басшылыққа алынғанын айтты. Сауытбайдың этникалық қазақ екені әрі Қазақстан азаматтығын алуға құқығы бары ерекше жағдай ретінде ескерілген.
Үкімнен соң Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<