Судья Ержан Жанұзақов айыпталушылардың бірінің адвокаты қойған сұраққа наразы болған марқұм Шерзат Полаттың әкесіне соңғы ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот отырысы кезінде сотталушылардың адвокаттары Шерзаттың анасына сұрақ қойды. Олар қанды оқиға кезінде Қаржаубайдың не істегенін сұрады.
“Айыпталушылардың не істегенін егжей-тегжейлі айтып жатырсыз. Оқиға болған сәтте Қаржаубай не істеді”, – деп сұрады адвокат.
Бұл сауал Қаржаубай Нұрымовтың ашуын туғызды. Қорғаушылар оның кедергі жасап жатқанын айтты.
“Егер түсінбесеңіз, жәбірленуші Нұрымов, мен сізге соңғы ескерту жасаймын. Орыныңыздан айқайлай берсеңіз, сот сіздің қатасуыңызсыз өтеді”, – деді судья.






