сотсыз-ақ бітімге келудің жолдарын айтты.»Соттардың жұмысын жеңілдету» мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру». Бұл – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырма. Осы бағытта 2015 жылдан бері аудан әкімдігі мен аудандық сот бірлесіп медиацияны (татуласуды) дамыту үшін қарқынды жұмыстар атқаруда.
Бүгін Жаңақорған ауданындағы Аққорған, Келінтөбе ауылдық округтерінде медиацияның дамуы жайында жиын өткізілді. Жиынға Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов, аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев, кәсіби медиатор А.Жәнібеков, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы А.Ильясов және ауылдық округ әкімдерімен 100 ге жуық ауыл тұрғындары қатысты. Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Н. Қосанов медиацияның артықшылықтарына тоқталып, азаматтарды болмашы ұсақ-түйек дауларда медиаторлардың кеңесіне жүгініп, сотсыз-ақ бітімге келудің жолдарын айтты. Бүгінде аудан бойынша 8 кәсіби, 76 кәсіби емес медиаторлар тіркеліп жұмыс жасауда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<