Сотталғандар диктант жазды

435

0

Фото: ҚАЖД

1 мамыр -Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД 37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер «Бірлік. Жасампаздық» тақырыбында диктант жазды. Жазба жұмысын Шиелі аудандық кешкі мектеп мұғалімдері мен мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырды.

Кешкі мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Тұрманов жазасын өтеушілерді Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтап, мерекенің маңыздылығына тоқталды. Бұл мерекенің мақсаты – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті,ынтымақты, құндылықтарды насихаттау деді.

Іс-шара барысында бірлік, ынтымақ, достық туралы мақал – мәтелдер айтты. Одан соң диктант жұмысын жазды. Тәрбие бөлімінің қызметкері әділет аға лейтенанты Жандос Жахаевтың айтуынша, қазіргі уақытта орта білімі жоқ 9 сотталған кешкі мектептен білім алуда. Оларға оқу кестесіне сәйкес күнделікті пән мұғалімдері сабақ беруде. Оқуды аяқтаған соң оларға орта білімі туралы аттестат беріледі дейді Ж.Жахаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<