Спорт ардагерін еске алуға арналады

377

0

Спорт ардагерін еске алуға арналады Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 16 маусым күні «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өтеді. Айтулы турнир спорт ардагері, облыста волейбол спортының дамуына үлес қосқаназамат Тұрғанбек Алтынбековты еске алуға арналып отыр.

Тұрғанбек Ержанұлы 1988-2014 жылдар аралығында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, қалалық спорт комитетінің төрағасы, облыстық волейбол федерациясының президенті  қызметтерін абыройлы атқарып, облыста спорт саласының, оның ішінде волейболдың қарқынды дамуына өз үлесін қосты.

Мақсаты – Т.Алтынбековты еске алу, облыс көлемінде волейболды одан әрі дамыту, ардагер спортшылар арасында салуатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жарысқа Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан, аудандардан, Оңтүстік Қазақстан облысынан 40 жас және одан жоғары  жастағы ардагер спортшылар қатысады.

Жарыстың жеңімпазы мен жүлдегер командалары, үздік ойыншылар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Турнир 16  маусым күні сағат 09.00-де басталса, 10.00-де салтанатты ашылуы өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<