СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

393

0

Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Жалағаш ауданының «Иіркөл» көлінде аудан ардагерлері арасында балық аулау жарысы өтті. 2014 жылдан бері жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жарысты аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, құрметті демалыста жүрсе де ауданның мәдени-экономикалық, қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген қазыналы қарттарға алғысын жеткізді.

Жарысқа кент және ауылдық округтерден 40-қа жуық ардагер қатысты. Жарыс нәтижесінде І орынды иеленсе, ІІ, ІІІ орынды командалары өзара бөлісті. Жарыс соңында жеңімпаздарға қоғамдық бірлестіктің арнайы дипломдары, сый-сыяпаттары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<