Спорт кешеніндегі жаттығу

359

0

«Тарлан» спорттық жекпе-жек және күштік спорт түрлері әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Кешен екі қабатты ғимаратта шағын болса да, онда күнделікті 100-ден астам балалар айналысатын бокс, күрес және таэквондо, ауыр атлетика, жаттығу залы,  сондай-ақ асхана, сауна және жатақханасы бар.

Жаттығу жоспарына сәйкес, киім ілетін бөлмеде шартты өрт орын алды. Кешеннің қызметкерлері өрт кезіндегі алғашқы әрекеттерді көрсетті. Жаттығу барысында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жетекшісі балалар қауіпсіздігіне, құлақтандыру және эвакуацияға ерекше көңіл бөлді.

«Бақытты балалық шақты қорғау» акциясының аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт кезінде эвакуация мен негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, балалармен танымдық әңгіме өткізді.

Өрт-тактикалық жаттығу аяқталғаннан кейін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов «Тарлан» футбол клубының қызметкерлеріне өрт кезіндегі және ғимараттағы эвакуациялаудағы қателіктерді, өрт қауіпсіздігінің бұзылуы жөнінде айтты.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру

және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<