Спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер

188

0

Фото: қала әкімдігі

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Қайрат Есенгелдиев спорт саласындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтті.

Жалпы, қалада тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына арналған 684 спорттық нысан, 225 ойын алаңы бар.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында бөлімге қарасты Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында спорттың 13 түрінен үйірме жүргізілуде. Аталған үйірмелерде 1396 қала тұрғыны тұрақты негізде спортпен шұғылдануда.

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарын қолдау мақсатында әр ай сайын аз қамтылған, көп балалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қол жетімді спорт инфрақұрылымымен қамту бойынша «Евразия» (жүзу бассейні), «Мұз айдыны» спорт кешендеріне 17 600 адамға жолдамалар берілген.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 45 түрлі деңгейдегі жарыстарға 770 спортшы қатыстырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<