Қала әкімі Нұржан Ахатов және қалалық мәслихат депутаты Ділмұхамед Абызов қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен оған қарасты «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» атындағы спорт клубының тыныс-тіршілігімен танысты.
Жақында ғана демеушілердің қолдауымен 5 миллион теңгеге жаңаланған ғимаратта бөлім мен клуб мамандары ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Бөлім қызметкерлері күнделікті спортты жетілдіру, туризмді дамыту бойынша сан-салалы қызмет көрсетсе, клуб жаттықтырушылары спорттың 13 түрінен үйірме ұйымдастырып отыр.
Клубты аралап, спортшылармен кездескен шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлына спорт клубының жаттықтырушысы, пауэрлифтингтен ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кабира Асқарова бірқатар ұсынысын жеткізді. Жаттықтырушы мүгедектігі бар спортшыларды спорттық іс-шараларға қатыстыру кезінде тасымалдау мүмкіндігін қарастыру, ол үшін инватаксимен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Қала әкімі айтылған ұсыныс-пікірлерді тыңдап, олардың шешілу жолдары бойынша жұмыс жасалатындығын айтты.
– Әлі де алынатын қосымша қажет құрал-жабдықтар бар. Бұл мәселе де өз шешімін табады. Біз өз тарапымыздан өзгелерге үлгі көрсетіп жүрген спортшыларға көбірек көңіл бөліп, қолдау танытуымыз керек, – деді Нұржан Сәбитұлы.
Айта кету керек, спорттық үйірмелерде 1 500-ге жуық қала тұрғыны спортпен шұғылданады.
Қызылорда қаласының әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<