Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсеткен «Challenge Другой ты!» спорттық шарасы аясында Қазақстанның 4 қаласымен ауқымды «Спорттық телекөпір» өткізілді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған мыңдаған елордалық тұрғындар иық тіресе жаттығу жасады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысы біз үшін үлгі. Нұрсұлтан Әбішұлы аталған акция аясында барлық қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды. Елбасы өзінің Жолдауы аясында ең маңызды тапсырманы – 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысуы керектігін атап өткен болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша деен шынықтырумен айналысатын адамдардың саны 5 миллионнан асты. Біз осымен тоқталып қалмауымыз керек. Мен сіздердің барлықтарыңызды спортпен айналысуға шақырамын. Дене шынықтыру – сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне айналуы керек», – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Көп кешікпей жүздеген азаматтың бірлесе жаттығуы басталып кетті. Арыстанбек Мұхамедиұлы телекөпір арқылы 4 қаламен – Шымкент, Өскемен, Петропавл, Ақтау шаһарларындағы спорт белсенділерімен тікелей трансляцияға шықты. Трансляцияға 4 облыс қосылғанымен, аймақ-аймақтарда дене шынықтыру бастамасына жиналып жаттығу жасаған 10 өңірдің халқы да қосылып отыр. Спорт басқармасы басшыларының жетекшілігімен челленджге қатысушылар динамикалық музыканың сүйемелдеуімен кешенді жаттығулар жасады. Шараға белгілі спортшылар, әртістер, мәдениет қайраткерлері, өңірлерге белгілі тұлғалар қатысты. Астанадағы гимнастикаға «Самұрық Қазына» АҚ басқарушы директоры Әлішер Пірметов, Мәжіліс депутаты әрі Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, боксшы Василий Левит, Гюзаль Манюрова, әнші Жеңіс Сейдоллаұлы қатысты.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<