Ұстаздар сайыс төрінде

359

0

 Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Үздік оқытушы – 2018» сайысы өткізілді. Оқу орнындағы оқытушы ұстаздардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шарада ұлағаттылар бойдағы бар өнерін салды.

Сайыс барысында панорамалық сабақтар өткізіп, біліктіліктерін көрсетті. Сондай-ақ, қорытынды бөлімде авторлық бағдарламаларын қорғады. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені информатика пәні оқытушысы Салтанат Кобекова иемденсе, бірінші орынға өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Гүлназ Таурбаева жайғасты. Ал Назерке Абдиева екінші орынды еншілеп, Тұрсынай Нұржанова үздік үштікті түйіндеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<