ҰСТАЗДАРҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

337

0

Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған шаралар аясында Б.Шөкенов атындағы саябақта ұстаздарға елордаға туристік саяхатқа  жолдама тапсыру рәсімі өтті.
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысты.
– «Алты Алаштың басы қосылғанда, төр – мұғалімдікі», деп Алаш қайраткерлері бекер айтпаған. Қазіргі таңда ұлы даладан елорда салып, қандай ұлт екенімізді әлемге дәлелдесек, соның ішінде ұстаздардың орны ерекше, – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, жолдаманы осы жылдың наурыз айында өткен «Жолдау жолымен – білім биігіне» атты байқауда жеңіске жеткен Қармақшы аудандық үгіт бригадасы мен белсенділік танытқан ұстаздар иемденді.
Сонымен қатар, кәсіподақ  комитетінің  төрайымы  Райкүл Байназарова өздерінің өрелі істерінің арқасында осындай белесті бағындырған мұғалімдер мен бастауыш кәсіподақ комитетінің жетекшілеріне алғысын білдірді.
Маржан ӘШІРАПБАЕВА,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<