Стокгольмде 2018 жылғы Нобель сыйлығын тапсыру рәсімі өтті

41

0

Стокгольмнің Концерт залында 2018 жылғы медицина, физика, химия саласындағы Нобель сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Бұл сыйлық nobelprize.org телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Швеция королі XVI Густавтың қолынан америкалық Джеймс Аллисон және жапондық Тасуку Хондзе (физиология немесе медицина), америка және француз физигі Жерар Муру, канадалық Донна Стрикланд (физика) лауреаттық дипломдар мен медаль алды. Ал физика бойынша үшінші лауреат атанған 96 жастағы америкалық Артур Эшкина Стокгольмге денсаулығына байланысты келе алмағандықтан награда баласы, профессор Майкл Эшкинге берілді. Химия бойынша сыйлық  америкалық Фрэнсис Арнольд және Джордж Смитке, сондай-ақ британдық Грегори Винтерге тапсырылды. Экономика ғылымы  жөніндегі Швед мемлекеттік банкінің марапатын АҚШ-та жұмыс істейтін профессор Уильям Нордхаус пен Поль Ромeр иеленді.  Айта кеткен жөн, Нобель сыйлығының биылғы жылғы сомасы 9 миллион швед кронын (1 млн доллар) құрады. Стокгольмнің Концерт залында өткен салтанатты тапсыру рәсіміне мың жарым  адам қатысты.   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз