Туыстарының айтуынша, ол бүгін таңертең атпен мал іздеуге шығып кеткен. Кешке бала үйде болмаған кезде, алаңдаған ата-аналар өз бетінше іздеулер жүргізді, бірақ оң нәтиже бермей, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Тенгри ньюс.
⠀
Баланы іздеу дереу басталды, 15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы көтерілді. Полицейлерден басқа іздестіруге еріктілер, жұртшылық және ауданның қамқор тұрғындары белсенді қатысуда.
⠀
Іздестіру жұмыстарына 67 адам, 9 техника және ТЖ тікұшағы жұмылдырылды.
⠀
Баланы іздестіру ауа-райының жағдайы қиындатады, жедел-іздестіру іс-шаралары облыстың көрші елді мекендері мен аудандарының аумағында да жүргізіліп жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<