Әдеп нормалары ұдайы бақылауда

677

0

Бүгін Қызылорда қаласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Илхам Аметовтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Басқосуға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департамент өкілдері, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты уәкілетті органдар қатысты.

Әдеп нормалары ұдайы бақылауда

Сондай-ақ, Илхам Бақтыбайұлы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясында мекеме қызметкерлерімен кездесіп, әңгімелесті. Инспекция қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, алдағы уақытта әдеп нормаларын сақтап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жиын соңында Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерге әрқашан ашық екенін, кез келген уақытта байланысып, көкейде жүрген мәселелерін талқылай алатынын жеткізді.

Мадияр Төлеу,

«Сыр бойы».