Әлеуметтік нысандар саны артты

610

0

Қазіргі таңда қаламызда маңызды бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтеруде. Атап айтар болсақ, ауысымына 100 келушіге арналған көпбейінді аурухана, Өнер сарайы, қан орталығы және Тасбөгет кентінде дене шынықтыру сауықтыру кешені, Қарауылтөбе мен Талсуат ауылдық округтерінде 150 орындық клуб құрылысы жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік нысандар жыл аяғында табысталады деп күтілуде.

Бұл туралы қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Талғат Мақашов айтты.

 – Қазіргі таңда Қызылорда қаласында үш ауысымда оқытатын 6 мектеп бар. Білім беру ұйымдары мәселесін шешу мақсатында қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Аталған мектептер жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беріледі. «AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысы ұдайы жүргізіліп отырады. Осы кезге дейін қаламызда  салынып жатқан 9 нысанға партиялық бақылау бекеттері орналастырылды, оның бесеуі білім ошағы.  Жол-көліктік инфрақұрылым мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Елді мекендерді газдандыру бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – деді Т.Бақытбекұлы.

 Жұмыстардың жоспарға сай уақытылы, әрі жүйелі жүргізілуі партия тарапынан қадағаланып отырады.

– Ағымдағы жылы қоғамдық штабтың қабылдау бөлмесіне тұрғындар тарапынан көптеген ұсыныс-тілектер түскен болатын. Олардың басым бөлігі қаржы тапшылығы, демеушілік жасау, коммуналдық-инфрақұрылымдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер. Жалпы, 160-қа жуық өтініш ұсынылып, оның орындалу барысы талқылануда. Алдағы кезеңдерде де осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады, – деді депутаттық фракция жетекшісі.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<