Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысы Б. Артаевтың бұйрығына сәйкес, Өтешов Алмас Дәулетярұлы ауыр атлетикадан ересектер арасында Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.
Алмас Дәулетярұлы – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.
Еңбек жолында ол:
- 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап басқармаға қарасты “Мұз айдыны” мекемесінде әдіскер;
- 2025 жылғы 12 маусымнан бастап “Олимпиадалық резерв даярлау орталығы” КММ директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.
Жаңа қызметінде Алмас Өтешов облыста ауыр атлетика спортын дамытуға, спортшылардың халықаралық және әлемдік жарыстарға тұрақты қатысуына, сондай-ақ спортшылардың жалпы нәтижелерінің артуына жауапты болады.






