Апта ағымында (23-27 желтоқсан)

93

0

Фото: «AMANAT» партиясы

«AMANAT»: Қармақшы ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Қармақшы ауданының «Қармақшы» ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен салынған фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары келді. Данияр Еренғалиұлы жиналған жұртшылықты алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Жер аманаты»: 77 519 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

 «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» аймақтық комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде 2024 жылы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарының орындалу барысы талқыланды.

Аталмыш мәселе бойынша баяндаған Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Кушеков Марат Жұбатқанұлының мәліметіне сәйкес Қызылорда облысында биыл 70 мың гектар жер телімін қайтару көзделген. Соның негізінде, жыл қортындысымен 77 519 гектарды құрайтын 121 ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылып, жылдық жоспар 110,7 % орындалды.

«Таза бейсенбі»: Байқоңырлықтар тазалық акциясына атсалысуда

Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда.

Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласындағы Абай көшесінің аумағы қоқыстан тазартылды.

Бар күшіміз – бірлікте

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұжымы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға арнап облыстық қан орталығына барып, қан тапсырды.

«Жайлы мектеп» құрылысына партиялық бақылау жүргізілді

Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 12 300 орындық 21 білім ордасын салу жоспарланған.

Елдегі білім ошақтарының санын көбейту, Ұлттық жоба аясында мектеп салу межесі партияның Сайлауалды бағдарламасында да айқындалған.

Соның негізінде, бүгін партияның облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов, Партиялық бақылау комиссиясының аймақтық төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және қалалық комиссия мүшелері Арай мөлтек ауданындағы 1500 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс жұмысымен танысты.

«Әйелдер қанаты»: Психологтарға арналған тренинг өтті

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының жанындағы «Әйелдер қанатының» психологиялық бағыты бойынша «Психологиялық қызмет: заманауи көзқарас және кәсіби дағдыдан шеберлікке» тақырыбында тренинг өтті. Басқосуға қаладағы білім ордаларының психолог мамандары қатысты.

Шара шымылдығын «Әйелдер қанатының» облыс бойынша жетекшісі Алтынай Молжанова ашып, тренингке қатысушыларға сәттілік тіледі.

Рухтастар сыйлығы табысталды

«Жастар Рухы» Жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен екінші мәрте өткен «РУХТАСТАР» жастар сыйлығын табыстау шарасы өз мәресіне жетті.

Мерекелік шараға партияның облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов қатысып, барша рухтастарды жаңа жылмен құттықтай отырып, биыл атқарылған ауқымды жұмыстар мен «Жастар рухы» Жастар қанатының жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлады

Партияның облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов және Қызылорда облыстық мәслихатындағы партияның депутаттық фракция мүшесі, «Әкелер одағы» ҚБ өңірлік филиалының төрағасы Ержан Искендер «Шуақты бөбек» ҚҚ-ның бүлдіршіндерімен кездесті.

Ұзақ жылдар бойы кәсіпкер, фракция мүшесі Ержан Искендер «Шуақты бөбек» қоғамдық қорымен бірлесе тығыз байланыста жұмыс жасауда. Атаулы мереке күндері қоғамдық қордың ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға сыйлықтар тарту етіп келеді.

Бұл жолы да, партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, сыйлықтар үйлестірді. Мерекелік кеште балалар аяз ата мен ақшақардың өнерін тамашалап,  әнмен биден шашу шашты.

Тұрғындардың тілегі қандай?

Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Ералиев Мағжан Абзалұлы кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<