Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.
Жастар мақала дайындап, оны БАҚ-та жариялап, Инстаграм желісіндегі парақшаларына салу арқылы сайысқа қатысты.
Байқау екі кезеңде өтті. Іріктеу турын білім бөлімдерінің өкілдері өткізді, үздік жұмыстарымен облыстық конкурска 50 оқушы, студент қатысты.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес: 12 қатысушы алғыс хаттармен марапатталады, 35-і -аймақтық жеңімпаздар, ал облыстық жеңімпаздар болып: Қармақшы ауданының №277 мектеп – лицейінің оқушылары Орынханова Айдана мен Серікова Гүлім және Шиелі ауданының №40 орта мектебінің оқушысы Талғатқызы Делназ белгіленді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<