Балаларға мұқият болыңыз

578

0

Балалардың ата-аналарының қарауынсыз қалуы себебінен көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен биыл 1 бала құлап кеткен. 2021 жылы 10 бала оқыс жағдайға тап болып, оның екеуі көз жұмған. Мұндай оқиғалар қоғамның әрбір мүшесін алаңдатады.

Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі: ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы, москит торларының берік бекітілмеуінен және балалардың терезе алдында ойнауынан.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің мамандары балалардың көпқабатты тұрғын үйлерінің терезелерінен құлап, зардап шегуін немесе қаза болуын болдырмау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар «ТЖ органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының ардагерлер ұйымының қолдауымен, демеушілік көмегімен бүгін Ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Мұсаевпен бірлесіп, қаладағы көпбалалы және жалғыз басты 7 (жеті) отбасыға 10 (он) дана шектеу құрылғысы  /блокираторлар/ орнатылды.  

Қызылорда облысы ТЖД