Бас құтқарушы балалармен сұхбаттасты

1404

0

Кеше Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаевтың бір күнгі жұмыс күніне балалар да қатыстырылды.

Олар ең алдымен бас құтқарушының қызметтік кабинетінде кездесу, танысу, сұхбаттасу сәтінің куәсі болды. Бас құтқарушыға өздерін толғандырған, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

<strong>Бас құтқарушы балалармен сұхбаттасты</strong>

Одан соң балалар Департамент ғимаратына экскурсия жасап, оларға қызметтің негізгі бағыттары түсіндірілді. Ғимараттағы азаматтық қорғау органдарының музейіндегі экспонаттарды тамашалап, Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасының «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен қоңыраулармен жұмыс жасау тәртібімен танысты. «112» және «101» телефон нөмірлеріне биыл І тоқсанда орта есеппен 34 766 қоңырау келіп түскен. Сонымен бірге, төтенше жағдай орын алғанда қосылуы қажетті сиреналардың қосылу тәртібін көрді.

<strong>Бас құтқарушы балалармен сұхбаттасты</strong>

Облыста бұрыннан – 40 дана электросиреналары бар. 2021 жылы 8 данасы және 2022 жылы 27 дана «БАО-600» құлақтандыру қондырғылары орнатылды. Сонда өңірде жалпы 75 электросиреналары бар.

– Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өңірде 102 адам құтқарылған, 15 адам эвакуацияланған. 34 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 390 оперативтік шығыстарға шыққан.  Жол-көлік оқиғасына 12 рет, іздестіру-құтқару жұмыстарына 8 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына 20 рет, тұрмыстық жағдайдағы құтқару жұмыстарына 134 рет мамандар шыққан. Есепті кезеңде облыс бойынша 98 төтенше жағдай тіркелді,  82 өрт болды. Жыл басынан төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия облыс бойынша 13 отырыс өткізді, – деді бас құтқарушы әңгіме барысында.

<strong>Бас құтқарушы балалармен сұхбаттасты</strong>

Сонымен бірге «Бас құтқарушының бір күнгі жұмыс күні» аясындағы баспасөз-турының өкілдері «Ақмешіт» шағын ауданындағы№1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болып, өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, жауынгерлік қанат жаю көрінісін тамашалады. Балалар өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киіп, өрт жеңдерін ұстап, өрт сөндіру автокөліктерінен су берілу сәтін сезінді, өрт сөндіру автокөлігіне мініп көрді.

<strong>Бас құтқарушы балалармен сұхбаттасты</strong>

Оған қоса Өрт-құтқару спортының элементтерін көрді. Атап айтқанда, мамандардың шабуыл сатысымен көтерілуін тамашалады. Одан соң жылу-түтін камерасының жұмысымен танысты. Мұнан кейін іс-шараның қатысушылары «Мерей» шағын ауданындағы «Құтқарушылар базасында» болып, онда өңірдегі құтқарушылардың техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарын көрді. Құтқарушылардың жаттығу қызметін бақылады. Онан кейін  құтқару спорттық сайысының жеңімпаздарын Бас құтқарушының марапаттау сәті көрініс тапты.

Сонан соң балалар Бас құтқарушымен бірге қызметтік атвобусқа отырып, «Көксу» су айдыны маңына қарай сүңгуірлердің жұмысымен танысу үшін жолға шықты. Олар онда сүңгуірлердің судағы іздестіру-құтқару жұмыстарын көрді. Балалар Бас құтқарушымен бірге қайықта дария деңгейін бақылады.

– Өңірдің Бас құтқарушысымен бірге өткізген бір күн өте қызықты және әсерлі болды. Қызметтік өмірлері күрделі қиындықтармен бетпе-бет келетін қаһарман мамандық иелері – өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметі туралы толық мағұлмат алдық, – деп балалар өз әсерлерімен бөлісті.

Аталмыш баспасөз-турына  жергілікті БАҚ өкілдері де қатыстырылды.

«СБ ақпарат»