Бозкөлде Жәлен Ерімбетұлының мұражайы ашылды

1159

0

Кеше Қазалы ауданына қарасты Бозкөл ауылында Жәлен Ерімбетұлының 120 жылдығына орай музей ашылды.

Музейдің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

– Интернеттің заманында музейге тек көненің қоймасы деп қарауға болмайды. Музей меніңше өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырады. Музей дипломатиялық кешен деуге де болады. Сырттан келген меймандар алдымен бұл ел қандай ел, халқы қандай, болашағы қандай дегенде сұраққа осы жерден жауап алады. Оған қоса музей өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралы. Сондықтан біз бүгін Бозкөл ауылында қара дүкен ұстаған ұсынықты ұста, белгілі қолөнер шебері Жәлен Ерімбетұлының 120 жылдығына орай ашылып отырған осы музейді тиімді әрі рухани қажеттілігімізге дұрыс пайдалана білуі керек. Болашақта бұл орын жас ұрпаққа тәлімі мен тәрбиесін беретін мәдени ошаққа айналады деп сенемін. Сондықтан бүгінгі қуанышымыз құтты болсын, тарихымыз мәңгілік болсын, – деді аудан басшысы.

<strong>Бозкөлде Жәлен Ерімбетұлының мұражайы ашылды</strong>

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанұзақ Келімбетов және Жәлен Ерімбетұлының туыстарының атынан Тәңірберген Дәрменов те құттықтау сөз сөйлеп, қолөнер шеберінің ерекше қасиеттері туралы сыр шертті.

<strong>Бозкөлде Жәлен Ерімбетұлының мұражайы ашылды</strong>

Мұнан соң ұсынықты ұста ұрпақтарының ұйымдастыруымен салынған мұражайдың лентасы салтанатты жағдайда қиылып, ішіндегі құнды жәдігерлер қонақтарға таныстырылды.

<strong>Бозкөлде Жәлен Ерімбетұлының мұражайы ашылды</strong>

Тағылымды шара қолөнер шеберлерінің «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа аманат» атты байқауына ұласты. Ауылдық мәдениет үйінде өткен шараға ауданымызбен қатар, облыстың әр түкпірінен келген қолөнер шеберлері қатысты.

Облыстық байқауды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауда көрермен назарына қойылған жұмыстардың барлығы көздің жауын алады. Олардың әрқайсысына мұқият қарайтын болсаң, ерекше фантазия, зор талғаммен жасалғандығын ұғынасың.

<strong>Бозкөлде Жәлен Ерімбетұлының мұражайы ашылды</strong>

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<