Есірткі – жас өмірді улаушы

10

0

Фото: Ашық дереккөз

Қазір есірткіге еліткен жастардың көбейгені – алаңдатарлық мәселе. Қоғам күресіп  жатқанымен нәтижесі көңіл көншітпейді.

Бозбала. Қалаға оқуға түседі. Айналасы қызық әрі таңсық көрінеді. Ортасы бұзық балалар. Оны әлдебір затты тұтынып көруге шақырады. Осылай жеткіншек есірткіге бой алдырады. Ақыры тәуелді етеді. Есінен адасқан бала айналасын көрмейді. Алдына қойған мақсаты ғайып болады. Ата-анасынан, қоғамнан алшақтайды. Тек әлгі есірткі елітіп, жетегіне еріксіз байлап жетелейді.

Қалаға оқуға кеткен жастардың кейбірі осылай адасып қалады. Статистикаға сүйенсек, есірткіге тәуелді болатындардың басым бөлігі 14-21 жас аралығында. Өкініштісі, олардың қатары күн санап артуда. Тіпті, бұғанасы қатып үлгермеген жеткіншектер наркологиялық есепке ілінген.

Мемлекет басшысы «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын» деген болатын.

Бастысы ғасыр індетімен күрес толастамауы тиіс.

Ақнәзік ОРАЗБЕК,

М. Қаратаев атындағы №51 орта мектеп,

8 «Г» сынып оқушысы.