«Есірткіге – қарсымыз»: Профилактикалық жұмыстар Қорқыт ата әуежайында өтті

378

0

Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазіргі жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген.

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері «Есірткіге – қарсымыз» тақырыбында қызмет ету аймағындағы Қызылорда қаласы «Қорқыт-ата» әуежайының қызметкерлеріне және жолаушыларға профилактикалық түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жолаушыларға «LED» экран құрылғысы арқылы есірткі қылмыстарының жауапкершілігі туралы бейне роликтер көрсетілді.

Іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының ұйымдастыруымен кинология қызметі және әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірлесіп әуежай қызметкерлері мен жолаушыларға «Есірткіге-қарсымыз» тақырыбында, яғни есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты, сонымен қатар жастар арасындағы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<